Сот Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасап, оны жазасын өтеу мекемесінен босату туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Байжановтың жаза мерзімінің аяқталуына 3 айдан астам уақыт қалған.
"Бүгін сот отырысы өтті, онда сот Бақытжан Байжановқа қатысты рақымшылық жасау туралы актіні қолданып, оны дереу босату туралы шешім қабылдады. Жазаның өтелмеген бөлігі үш айдан сәл асады. Бақытжан бүгін отбасына оралады", – деді Ғазиз Ынтықбаев.
Еске салайық, Бақытжан Байжанов – бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы. Ол Салтанат Нүкенованың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша қылмысты жасыру бабымен айыпталып, кінәлі деп танылған болатын.
Тергеу материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға болған күні Байжанов Бишімбаевпен бірге болған. Сот барысында оның қылмыс туралы біле тұра құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарламағаны және оқиғаның мән-жайын жасыруға ықпал еткені айтылды.
Байжанов Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру ісі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сотталушы Ақмола облысындағы Степногор қаласының орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеді.