Бишімбаевтың інісі рақымшылықпен босап шығатын болды

322

Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылғы 18 шілдеде аяқталуға тиіс болатын. 

Бишімбаевтың інісі рақымшылықпен босап шығатын болды Фото: Жоғарғы сот

Ақмола облысы Степногор қалалық сотында Бақытжан Байжановтың жаза мерзімін амнистияға байланысты қысқарту туралы өтініші қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Байжановтың жазасының мерзімі үштен бір бөлікке қысқарады: сегіз ай сегіз күнге. Осылайша, Бақытжан Байжанов 2026 жылғы қарашада босатылады.

Шешім шығаруға колония әкімшілігінің Байжановқа берген мінездемесі және сот шешімімен тағайындалған өтемақылардың толық өтелуі әсер еткен.

"Жазасын өтеу барысында жағымды мінездеме берілген. Сот үкімі бойынша талап-арыз толық өтелген. Ұстау жағдайында мінез-құлқы бірінші оң деңгейде бағаланған, екі рет көтермелеуге ие болған", – делінген хабарламада.

Прокурор да бұл пікірмен келісе отырып, өтінішті қанағаттандыруды сұраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу