Бишімбаевтың ісі: қылмысты жасыруға жәрдемдескені үшін ресторан директорына қатысты іс қозғалып жатыр

372

Бишімбаевтың өзіне де, ағасына да қатысты тергеу басталды. 

Бишімбаевтың ісі: қылмысты жасыруға жәрдемдескені үшін ресторан директорына қатысты іс қозғалып жатыр Фото: КазТАГ

Бишімбаевтың ісінде кісі өлімі мен марқұмның денесін ұзақ уақыт бойы құпияда ұстап, әрі қылмыс айғақтарын жабуға көмек бергендерге қатысты іс қозғалатын болды. 

Астана қаласының Полиция департаменті елордадағы мейрамханалардың бірінде ҚР ҚК-нің 99 (кісі өлтіру) бабымен әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

"Осы қылмысты жасады деген күдікті Қуандық Бишімбаев 2 айға қамауға алынды", - деп мәлімдеді Астана қаласының Полиция департаменті.

Қазіргі таңда, тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайларын және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін жасайды.

Тергеу жұмыстарының барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде “Гастро-орталық” директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді.

"Тергеуді Астана қаласының Полиция департаменті тергеу басқармасы жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында болады. Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген департамент хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу