Бишімбаевтың ісіндегі сот-медициналық сарапшы әскерде жансақтау бөліміне түскен сарбаздың ісіне тартылды

2472

Нұржігіт Әбділпаттаның ата-анасы сот процесіне сот-медициналық сарапшысы Тахир Халимназаров қатысатынын айтты.

Бишімбаевтың ісіндегі сот-медициналық сарапшы әскерде жансақтау бөліміне түскен сарбаздың ісіне тартылды Фото: коллаж: inbusiness.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге келген 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта ант қабылдауға үлгермей, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауруханада екі айдай жатып, есін әзер жиған сарбаз жуырда туған жері Қостанайға оралды.

Куәгер қатардағы жауынгерлердің айтуынша, сапқа тұру кезінде Нұржігітке сержант қол көтерген. Кейін бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары аяқталып, мемлекеттік сараптама жасалған болатын. Қазір жәбірленушілер сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Кейін іс әскери сотта қаралмақ.

Нұржігіт Әбділпаттаның ата-анасы сот процесіне сот-медициналық сарапшысы Тахир Халимназаров қатысатынын айтты. Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Салтанат Нүкенованың жарақаттану себептері туралы қорытынды жасаған ол Тахир Халимназаров Нұржігітке қатысты жағдайға бейжай қарамай, бұл іске қатысуға келіскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу