"Бишімбаевтың ісіне ұқсайды": Баян Мақсатқызы жаңа кино түсірді

413

Кино 19 желтоқсаннан бастап көрерменге жол тартады.

"Бишімбаевтың ісіне ұқсайды": Баян Мақсатқызы жаңа кино түсірді Фото: inbusiness.kz

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзова қалың көрерменге "Жауап бер" фильмінің ресми трейлерін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Назарларыңызға "Жауап бер" фильмінің ресми трейлерін ұсынамын. Бұл әйелдердің қиын тағдыры, отбасындағы қарым-қатынас, өзін-өзі жақсы көрмеу, жалғыздық – түзетуге болатын дүние туралы қиын оқиға", – деп жазды Баян Алагөзова.

Фильмде кәсіпкер күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелдің тағдыры, отбасындағы зорлық-зомбылық, психологиялық қысым туралы айтылады.

Әлеуметтік желі қолданушылары трейлердің астына "Бишімбаевтың ісіне ұқсайды", "Бишімбаевтың оқиғасы сияқты", "Сапалы кино екені көрініп тұр" сынды пікір қалдырған.

Туынды 19 желтоқсаннан бастап көрерменге жол тартады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу