Бишімбаевтың қорғаушысы сот үкімінің күшін жоюды сұрады

360

Себебі бірінші сатыдағы сотта заңбұзушылықтар орын алғанын айтты. 

Бишімбаевтың қорғаушысы сот үкімінің күшін жоюды сұрады Фото: Jogargy_sot

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотқа Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді, Бишімбаевтың анасы мен оның әпкесі, адвокаттар Вранчев, Омарова, Құсайынова, Рамазанова, Ғазымжанов келді.

Бишімбаевтың қорғаушысы Ғазымжанов үкімнің күшін жоюды сұрады. Айтуынша, алдыңғы сот отырысында көптеген заң бұзушылықтар орын алған. Заң бұзушылық алқабилерді іріктеу кезінде басталған дейді. 

Ол Айжан Құлбаеваның Бишімбаев пен Байжанов жасындағы ұлдары бар төрт кандидатты жеке өзі алып тастағанын айтты. Сонымен бірге хаттамада үміткерлердің өздері қатысудан бас тартқаны жазылды дейді. Сөзінше, осы төрт үміткердің біреуін негізгі құрамға қосқанда үкім мүлдем басқаша болуы мүмкін еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу