Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов қоқан-лоққыларға байланысты полицияға арыз жазды. Тергеу басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Белгісіз тұлғалардың қорқытуы бойынша Қылмыстық кодекстің 409-бабы 2-бөлігі ("Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе соталды тергеп-тексеруге байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері" – еск.) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады ІІМ.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Бұл қылмыс 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу (2024 жылы 11 миллион теңгеден астам) немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру/бас бостандығын шектеумен жазаланады.