Бишімбаевтың сот отырысына неге уақытылы келмегені белгілі болды

206

Оған техникалық мәселе себеп болған. 

Бишімбаевтың сот отырысына неге уақытылы келмегені белгілі болды Фото: Jogargy_sot

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев Мәжіліс кулуарында осы мәселеге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер спикерден "29 сәуір күні айдауыл қызметі бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевты сот отырысына уақытында неге әкеле алмады?" деп сұрақ қойды.  

"Техникалық мәселе туындады. Қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті ақпарат беріледі", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев.

Журналистер ведомство өкілінен техникалық мәселе сөзінің мағынасына тоқталуын сұрады.

"Көлік себеп болған. Оның оталмай қалуы, істен шығуы немесе дөңгелегінің желі шығып кетуі мүмкін", - деп қысқа қайырды спикер.

Айта кету керек, осыған дейін 29 сәуір күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалдырылғанын жазған болатынбыз. Сарапшылар Бишімбаев сотын қарамауға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу