Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге сұраған: Астана тұрғыны сотта сөз сөйледі

205

Айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты. 

Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін 100 млн теңге сұраған: Астана тұрғыны сотта сөз сөйледі Фото: видео скриншот

Астана сотында 100 млн теңгеге Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берді деп айыпталған қала тұрғыны Людмила Грачеваның ісін қарау жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот процесі алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Алқабилер осы іске айыпталушының нақты қатысы бар-жоғын анықтауы керек.

"Ешкімді өлтірген жоқпын, зорлық-зомбылық жасамадым, есірткі таратпадым. Мен жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыс жасаған жоқпын. Прокурор мені 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Не үшін? Шындық үшін бе? Менің әрекетімде қылмыс құрамы жоқ, кінәм дәлелденбеді", – деп айыпталушы сотта сөз сөйледі.

Осыған дейін мемлекеттік айыптаушы Л. Грачеваны 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу