Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

2080

Астана сотында Бишімбаевтың туыстарынан 100 миллион теңге жымқырған әйелге қатысты талқылаудың бірінші бөлігі өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін Фото: Жоғарғы сот

"Әділдікті қалайтын адам Людмила Грачева сияқты әрекетке бара ма? Мұндай қылмысты 30 жыл бойы білген адам осылай жасай ма? Оның шынайы ниеті – жәбірленушілердің сеніміне кіріп, қаражатын иелену. Ал оның ескі қылмыс туралы әңгімесі ойдан шығарылған", – деді прокурор Азамат Тоқтарбай.

Филологиялық сараптама Грачеваның өзі Бишімбаевтың анасына алқабилерге пара беруді ұсынып, оны қылмыс жасауға көндіргенін растады.

Прокурор жарыссөзде Людмила Грачеваны барлық баптар бойынша ("Ерекше ірі көлемдегі алаяқтық", "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу", "Аса ірі көлемде пара беру", "Арандату") кінәлі деп тануды сұрады. Сондай-ақ мүлкі тәркіленбей, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан және 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Мемлекеттік айыптаушы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының 15 және 6 жастағы ұлдарын барын ескерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу