Бішкек әуежайынан бомба табылмады, хабарлама жалған болып шықты

177

Аумақ дереу қоршауға алынып, қызметкерлер мен жолаушылар эвакуацияланды.

Бішкек әуежайынан бомба табылмады, хабарлама жалған болып шықты Фото: manas.aeroport.website

Бішкекте "Манас" халықаралық әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмады, әуе терминалы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Шу облысы бойынша ІІБ хабар таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ведомствоның айтуынша, 22 мамырда сағат 13.50-де кезекші бөлімге, сағат 13.12-де "Манас" әуежайының электронды поштасына "Бабах 15.00-де" деген мәтінмен хабарлама келіп түскен.

Аталған факті тіркеліп, тергеуге дейінгі тексеру басталды.

Оқиға орнына Шу облысы ІІБ, Сокулук аудандық ішкі істер басқармасының жедел-тергеу тобы және Шу облысы ІІД Арнайы күзет қызметінің қызметкерлері барды. Аумақ дереу қоршауға алынып, қызметкерлер мен жолаушылар эвакуацияланды.

Полиция қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді, саперлер тобы оқиға орнында тінту жүргізіп, нәтижесінде факт расталмады.

Ұшақтардың келуі мен кетуінде ешқандай кідіріс болған жоқ, қазір қоршау алынып, әуежай қалыпты жұмыс істеп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бішкек әуежайындағы бомба хабарламасына байланысты адамдар эвакуацияланғанын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу