Бішкек іргесіндегі ауылда атыс болды

440

Арнайы қызмет лаңкестің көзін жойды. 

Бішкек іргесіндегі ауылда атыс болды Фото: Известия

Дмитриевка ауылында арнайы операция барысында қарулы террорист жойылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

24.kg хабарлауынша, күдіктілердің бірі - 33 жастағы У.Д. Оның Ош облысының аумағында жасалған қылмыстарға қатысы бары анықталды.

Арнайы бөлімшелердің қызметкерлері қарулы террористті ұстау операциясын жүргізді. Лаңкес қарулы қарсылық көрсеткен.

"У. Д. Ош облысының Қара Суй ауданында автокөлікті атуға қатысқаны белгілі. Бұған дейін сегіз ер адам мен бір әйел ұсталған. Олардың қолында қару-жарақ табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, У.Д. Шу облысының аумағында жасырынған. Бүгін таңертең полиция қызметкерлері оны ұстауға тырысты, бірақ ол және оның серіктестері қарсы оқ жаудыра бастады. У. Д. Сириядағы соғыс қимылдарына қатысушы ретінде құқық қорғау органдарында есепте тұр", - деп хабарлады редакция.

"Террорист жойылды. Оқиға орнында ІІМ және ҰҚК басшылары жүр. Қазіргі уақытта ІІМ жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Толығырақ ақпарат сәл кейінірек беріледі", - деді ведомстводан.

Бүгін таңертең Дмитриевка ауылында атыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, арнайы операция кезінде екі адам зардап шекті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу