Бішкек қаласында халал азық-түлік және қызмет түрлеріне арналған жәрмеңке өтеді

950

Бішкек қаласында халал азық-түлік және қызмет түрлеріне арналған жәрмеңке өтеді

1-3 қыркүйек күндері Қырғызстанның Бішкек қаласындағы сауда орталықтарының бірінде VII халал азық-түлік және қызмет түрлеріне арналған жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды ҚР сауда-саттық палатасы.

Жәрмеңке мұсылман халқының қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылады. "Шараға Қырғызстанда және өзге елдерде "халал" сертификатын алған белгілі сауда маркалары қатысады. Сонымен қатар, Малайзия, Ресей, Қазақстан республикаларынан әлемдік деңгейдегі сарапшылар шақырылып отыр" делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, өткен жылы Қырғыз республикасында Құрбан айт мерекесі 12 қыркүйекке сәйкес келді. Осы күні айтулы мереке демалыс күнінде өткен. Құрбан айт – Сауд Арабиясында қажылық құлшылығы орындалғаннан кейінгі құрбандық малын шалу мерекесі, деп жазады kazislam.kz. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу