Бішкек қаласында киіз үй тәріздес стадион салынбақ

241

Қырғызстан Президенті администрациясының хабарлауынша, ел астанасында 45 мың адам сыятын стадионның құрылысы басталған.

Бішкек қаласында киіз үй тәріздес стадион салынбақ Фото: aladop.kz

Қырғызстан астансы Бішкек қаласында бұрын-соңды болмаған заманауи киіз үй тәріздес стадион салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғызстан Президенті администрациясының хабарлауынша, ел астанасында 45 мың адам сыятын стадионның құрылысы басталған.

Арена ұлттық нақыштармен әрленіп, жаңаша үлгіде киіз үйге ұқсас болады.

Қазіргі мәліметке сүйенсек, барлық талаптарға сай болатын заманауи стадионның құрылысымен шетелдік мамандар айналысып жатқан көрінеді. Стадионның іші қазіргі озық технологиялармен безендіріліп, спортшыларға керекті жабдықтармен толқытай қамтылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу