Бішкек қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының күзгі сессиясы өтеді

275

Аталмыш шара 16-17 қарашаға жоспарланған.

Бішкек қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының күзгі сессиясы өтеді Фото: akipress.com

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушылардың — Парламентаралық Ассамблеясының екі күндік күзгі сессиясы Қырғызстанда өткізіледі. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Sng.today ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Әзірбайжан, Армения, Беларусь Республикасы, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан делегациялар қатысады.

Сессия күндері Достастық елдерінің парламенттік делегациялары мен депутаттарының басшыларының қатысуымен ТМД ПАА Кеңесінің отырысы, ТМД ПАА-ның 56-шы пленарлық отырысы, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің 85 жылдығына арналған халықаралық конференциялар өтеді.

Сонымен қатар, көрнекті қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 95 жылдығына арналған айтулы іс-шара ұйымдастырылады.

Күзгі сессия аясында, ТМД Жастар парламентаралық ассамблеясының отырысы да өтеді, онда жас депутаттар мен сенаторлар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырады. Сондай-ақ, ТМД ПАА-ның саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық, әлеуметтік саясат және адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиялары жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, қырғыз-қазақ жастар форумын өткізу жоспарланып отыр.

Есте сала кетейік, 2023 жылы Қырғыз Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету туралы шешім қабылдады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу