Бішкек түбінде апатқа ұшыраған ұшақ қазақстандық компанияның жүгін әкеле жатқан

935

Бішкек түбінде апатқа ұшыраған ұшақ қазақстандық компанияның жүгін әкеле жатқан

Бішкек түбінде құлаған ұшақ алматылық компанияның тапсырысымен екі тоннадай электр оттығын тасымалдаған, деп хабарлайды "Спутник-Қазақстан".

Бішкек түбінде апатқа ұшыраған Boeing жүк ұшағы "JTI Kazakhstan LLC" компаниясының Қырғызстандағы өкілдігінің жүгін тасымалдаған деп хабарлайды Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті.

МҰҚК мәліметінше, апат кезінде ұшақ бортында 76 тонна жүк болған (тұрмыстық техника, ұялы телефонға арналған аксессуарлар және т.б.), ұшақтың шектік жүк көтеру мөлшері 116 тонна.

Сонымен қатар, бортта салмағы 2 тоннадай USB-оттық (электр оттықтар) болған. Бұл тауарға Қырғыз Республикасындағы "JTI Kazakhstan LLC" компаниясы өкілдігі тапсырыс беріп, Гонконгтан Стамбұлға жеткізілуге тиіс еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу