Бішкек түбіндегі ұшақ апатынан 38 адам көз жұмды – Қырғызстанның денсаулық министрлігі

873

Бішкек түбіндегі ұшақ апатынан 38 адам көз жұмды – Қырғызстанның денсаулық министрлігі

Соңғы мәліметтер бойынша, Бішкек түбінде түрік әуе компаниясына тиесілі "Боинг" ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 38 адам қаза тапты, деп хабарлады Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс".

Мекемедегілер сейсенбі күні қаза болған 38-ші адамның мәйіті табылғанын айтты.

Әңгімелесушінің айтуынша, экипаждың төртінші мүшесі табылғанға дейін қаза болғандардың республикалық сот-медициналық сараптама бюросы жасаған тізімінде барлығы 37 адам болды. Көз жұмғандардың арасында  11 жастан бастап бір жасқа толмаған 15 бала, сондай-ақ 4 айлық сәби де бар. Денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей,  зардап шеккендер тізіміне 16 адам тіркелген, 13 адам ауруханаға жатқызылды, үшеуі амбулаториялық ем алды.

 "Зардап шеккендер негізінен түрлі деңгейдегі жарақаттар алып, милары шайқалған", – деп түсіндірді агенттікке әңгімелесуші.

Түрік әуе компаниясына тиесілі "Боинг 747 400" ұшағы қонуға бет алған тұста "Манас" әуежайына жақын орналасқан  саяжай кентінің үстіне құлаған. Ұшақ тұрғын үйлерге құлаған. Қайтыс болғандардың көпшілігі кент тұрғындары, оларды ұшақтың сынықтары басып қалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу