Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтті

544

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қырғызстан астанасындағы "Театр" гүлзарының орталық аллеясына қойылған Ұлы Абай ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсімі өтті

Мемлекет басшысы бұл күнді қазақ пен қырғыздың рухани өміріндегі ерекше күн ретінде бағалап, Бішкек төрінде Абай ескерткішінің бой көтеруін қырғыз елінің қазақ халқына деген айрықша құрметінің белгісі деп атап өтті.

– Ағайын елдердің тамырластығын кезінде Абай да айтқан. Ұлы ақын қазақтың тарихына тоқталған кезде қырғыз бауырларды ерекше атап өткен. Ол "Еш қазақ қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды" деген. Шын мәнінде, екі ұлттың тегі мен тілі бір, жүрегі мен тілегі бір. Айыр қалпақты ағайынға біздің ықыласымыз қашанда ерекше. Көп ұзамай елімізде Манас ескерткіші бой көтереді. Бұл есім қазақ арасында өте танымал. Әйгілі Манасқа құрметіміз ерекше. Манастану ғылымының негізін қалаған Шоқан Уәлиханов екенін еске салғым келеді. "Манас" жырының тағдыры тартысқа түскен кезде оған Мұхтар Әуезов араша түскенін білеміз, – деді Қазақстан Президенті.  

Белгілі болғандай, қоладан құйылған ескерткіштің авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Асқар Нартов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу