Бішкекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалының дамуы талқыланды

371

Бішкек қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалының оқу және ғылыми қызметі қаралды.  

Бішкекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалының дамуы талқыланды Фото: gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мен Қырғыз Республикасының Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрі Гүлзат Исаматова ҚазҰУ-дың Бішкектегі филиалына барып, оның инфрақұрылымымен және білім беру үдерісімен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар барысында филиал директоры Жамин Шейшенов пен ҚазҰУ-дың Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Қуаныш Тастамбек қонақтарға заманауи аудиториялар, зертханалар мен ғылыми алаңдарды көрсетті. Сондай-ақ студенттер мен оқытушыларға жасалған жағдайлар таныстырылды.

Кездесу аясында ҚазҰУ-дың Бішкекте жүзеге асырып жатқан білім беру бағдарламалары мен халықаралық жобалары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар студенттер мен оқытушылармен кездесу өтіп, ғылым мен жоғары білімді дамыту, білікті мамандар даярлау, академиялық алмасу және екі ел университеттері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысында ҚазҰУ-дың Бішкектегі филиалы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ғылыми-білім беру және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал ететін маңызды алаң екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу