Бішкекте Алмазбек Атамбаевтың Украина президентімен телефон арқылы сөйлескенін жоққа шығарды

1059

Бішкекте Алмазбек Атамбаевтың Украина президентімен телефон арқылы сөйлескенін жоққа шығарды

Украина президенті Петр Порошенконың Қырғыстан президенті Алмазбек Атамбаевпен сөйлестім деп, оңбай алданғаны халықаралық БАҚ-та қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Таяуда украиналық БАҚ Украина президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Петр Порошенко Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті деген ақпарат таратты.

Хабарламаға сәйкес, тараптар Ресейдің украиналық тауарлардың транзитіне шектеу енгізуіне байланысты Украина өнімін Қырғызстанға жеткізуде туындаған қиындықтарды шешу, сонымен қатар тауар тасудың балама жолдарын қарастыру жайын талқылапты-мыс.

Алайда, осы ақпарат қызғыз еліне жеткен соң Қырғызстан Президент аппараты жетекшісінің орынбасары, сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Сапар Ысқақов президент Алмазбек Атамбаевтың Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлескені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бәлкім, Украина басшысын біреулер алдаған болуы керек", – деді қырғыз шенеунігі БАҚ-қа берген түсініктемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу