Бішкекте ел президентінің "кеңесшісі" мен "Тәшиев" ұсталды

170

Кейінгі кезде көрші елді үкімет басындағылардың атын жамылып, елді алдайтын алаяқтар көбейген.  

Бішкекте ел президентінің "кеңесшісі" мен "Тәшиев" ұсталды Фото: Сводка

Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың кеңесшісі және Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚКК) басшысы Камчибек Ташиевті алаяқтық мақсатта атын жамылған 46 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы республика ІІМ хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті қылмыстық іс бойынша көмек көрсетемін деп ер адамнан 80 мың доллар алып, қашып кеткен.

Ұсталған адам басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Бұған дейін дәл осындай қылмыс жасады деген күдікпен Қырғызстан президентінің жиені Ұлан Жапаров ұсталған болатын. ҰҚКК хабарлағандай, ол мемлекеттік қызметшілердің біріне облыстардың бірінде Республика Президентінің өкілетті өкілі лауазымын алып беруге уәде етіп, ол үшін 100 мың доллардан астам сыйақы алған Алайда уәде орындалмады.

Сондай-ақ, алаяқтық жасады деген күдікпен Республика ҰҚКК төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің рөлін сомдаған азамат ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу