Бішкекте "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумы басталды

850

Форумның негізгі бағыттары – COVID-19 індетінен кейін экономиканы қалпына келтіру, сондай-ақ бизнес орта және цифрландыру мәселелері.

Бішкекте "Еуропалық Одақ – Орталық Азия" экономикалық форумы басталды

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында премьер-министрлер деңгейінде "Еуропалық Одақ-Орталық Азия" экономикалық форумы өтуде. Бұл форум алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп жазады  inbusiness.kz тілшісі.

Жиынға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Түрікменстан вице-премьер-министрі Сердар Бердімұхамедов және Тәжікстан вице-премьер-министрі Усмонали Усмонов қатысуда. Сонымен қатар Еуропалық Комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис және Еуропа елдерінің бірқатар басшысы мен ірі халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері де жиынға келді. 

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен бейнеконференция режимінде сөз сөйледі. 

Бұл форумның негізгі бағыттары – COVID-19 індетінен кейін экономиканы қалпына келтіру, сондай-ақ бизнес орта және цифрландыру мәселелері. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу