Бішкекте қайтадан төтенше жағдай режимі жарияланды

693

Ол 19 қазанға дейін жалғасуға тиіс.

Бішкекте қайтадан төтенше жағдай режимі жарияланды Фото: ria.ru

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков тағы да Бішкек қаласында төтенше жағдай режимін енгізді. Бұл туралы президентің баспасөз қызметі хабарлады. 
Мемлекет басшысы қол қойған жаңа жарлық бойынша, ТЖ режимі 19 қазанға дейін жалғасуы тиіс. Бірақ парламент бұл жарлықты мақұлдамаса, шектеу шарасы 15 қазанда тоқтатылады.

Сооронбай Жээнбеков бұған дейінгі ереуілдер кезінде ел астанасында осындай режимді енгізуге мәжбүр болған еді. 10 қазанда қала комендатурасы сағат 21.00-5.00 аралығында коменданттық сағат орнайтынын хабарлады. Осыған байланысты шаһарда әскери техникамен жабдықталған оннан астам блокпост қойылды.

Еске сала кетсек, 5 қазанда осы алаңда парламентке өтпей қалған партиялардың 2 мыңға жуық жақтасы бас көтерген еді. Олар парламенттік сайлаудың қорытындысын мойындамай, қайтадан өткізуді талап етті. Кешке қарай құқық қорғаушылар оларды таратпақшы болған еді, бірақ оның арты қақтығысқа ұласып кетті. Ереуілшілер парламент пен президент әкімшілігі орналасқан Ақ үйді, Ұлттық қауіпсіздіктің Мемлекеттік комитеті ғимаратын, Бішкек мэриясының ғимаратын, үкімет ғимаратын басып алған болатын. Қақтығыс салдарынан 1,2 мың адам жарақат алып, бір адам қаза тапты.

Ереуілшілердің талабы орындалды. Орталық сайлау комиссиясы саяси дода қорытындысының күшін жойып, парламенттік сайлау қайтадан ұйымдастырылатын болды. 

9 қазанда Бішкек қаласын қайтадан тәртіпсіздіктер шарпыды. Орталық алаңда премьер-министрі Сапар Жапаровтың жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыс болып, салдарынан 7 адам зардап шекті. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу