Бішкекте Қазақ-Қырғыз жастар форумы өтті

397

Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, қоғам қайраткерлері, жастар және студенттік ұйымдар қатысты.  

Бішкекте Қазақ-Қырғыз жастар форумы өтті Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

"Қазақ-Қырғыз жастар форумы" өз жұмысын аяқтады. Екі елдің жас көшбасшылары жастар саласының ынтымақтастығы мен дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, қоғам қайраткерлері, жастар және студенттік ұйымдар қатысты.

Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы сөз сөйлеп, қазақ пен қырғыз – ежелден іргесі бөлінбеген, тарихы мен тағдыры егіз ұлттар екендігін атап өтті.

"Тарихқа құрмет көрсетіп, жетістікке жігермен және адалдықпен ұмтылсаңыздар, сіздер алмайтын асу жоқ", - деді Мәулен Әшімбаев.

Форумның екінші күнін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ашып, қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайтуда жастардың алатын орны ерекше екенін тілге тиек етті.

Бұл форум екі ел жастарын ынталандыру және пікір алмасу, олардың түрлі саладағы жетістіктерін қолдау және тану, сондай-ақ, алдарында тұрған өзекті мәселелерді анықтау және шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Форумға қатысушылар білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, мәдени алмасу және жастардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Айта кетейік, тәуелсіздік алғаннан бері қазақ-қырғыз жастар форумы тарихта тұңғыш рет өткізіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу