Бішкекте мектептердің біріне Кемел Тоқаевтың есімі берілді

130

Бұл – бастама Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа тиесілі.  

Бішкекте мектептердің біріне Кемел Тоқаевтың есімі берілді Фото: ile-tany.kz /eltr.kg

Қырғызстан астанасы Бішкектегі №33 мектеп-гимназиясына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілді.

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғыз көшбасшысы Садыр Жапаров бұл жаңалықты Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жасаған жұмыс сапары барысында айтқан.

Кемел Тоқаев – жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Бішкектегі (сол кездегі Фрунзе қаласы) жаяу әскер училищесінде оқыған. Қазіргі №33 мектеп орналасқан ғимаратта дәл сол кезде әскери оқу орны болған екен. Кемел Тоқаев осы училищеден майданға аттанған.

Айта кетейік, бұған дейін Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей архивінен табылған гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу