Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының 11-ші саммиті өтеді

223

Биыл Түркі мемлекеттері ұйымының ХІ саммитінде ұйымға төрағалық Қазақстаннан Қырғыз еліне табысталады. 

Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының 11-ші саммиті өтеді Фото: abai.kz

2024 жылғы 6 қарашада Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының 11-ші саммиті өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ұйымдастыруымен өтетін саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстан Президенттері, сонымен қатар, ТМҰ бақылаушы елдерінің мемлекет, үкімет басшылары және ТМҰ Бас хатшысы қатысады.

“Түркі әлемін нығайту: Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және баршаға қауіпсіздік” ұранымен өтетін саммит ұйымның кең ауқымды күн тәртібіндегі жоғары деңгейдегі пікірталастар үшін маңызды алаң болмақ. 

Мемлекет басшылары маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдап, келісімдерге қол қояды. Экономика, сауда, цифрлық трансформация, көлік және қауіпсіздік салаларындағы ТМҰ жобаларына қатысты  ресми құжаттарды бекітеді.

Саммитте мүше және бақылаушы мемлекеттер арасында түрлі салалардағы көп тарапты ынтымақтастыққа назар аудара отырып, аймақтағы және одан тыс саяси және экономикалық ахуалына байланысты пікір-таластар өтеді. Көшбасшылар Түркі дүниесінің бірлігі мен дамуын одан әрі нығайту мақсатында ортақ сын-тегеуіріндерге қарсы күресу және мүмкіндіктерді пайдалану бойынша пікір алмасады.

Сондай-ақ, шараның қорытынды рәсімінде мемлекет басшылары Бішкек декларациясына және бірқатар маңызды құжаттарға қол қояды.

Айта кетейік, саммит қарсаңында ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі күн тәртібіндегі мәселелер мен Мемлекет басшылары қол қоятын құжаттарды түпкілікті бекіту үшін Бішкекте бас қосады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу