Бішкекте тағы жер сілкінді

86

Тұрғындар 4 баллдық жер сілкінісін сезген.  

Бішкекте тағы жер сілкінді Фото: pixabay.com

Ал, Қырғыз Республикасымен шекаралас жатқан Қордай ауданында жер сілкініп, дүмпудің күші 2 баллға жеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық зерттеулер институты" хабарлағандай, Жамбыл облысы Қордай ауданында жер дүмпуі Астана уақытымен 12:57-де тіркелген.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 187 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жамбыл облысы Қордай ауданында күші 2 балл болды",  – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Әзірге, зілзаладан зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу