Бішкектегі "Манас" әуежайының маңында түрік әуекомпаниясының ұшағы құлады

809

Бішкектегі "Манас" әуежайының маңында түрік әуекомпаниясының ұшағы құлады

Гонконг-Бішкек бағытымен ұшып келе жатқан  ұшақ "Манас" әуежайына жақын маңға құлады,  деп хабарлады "Интерфакске" Қырғыстанның ТЖМ-дегі дереккөз.

Ұшақ "Манас" әуежайына мәскеу уақытымен 4:20-да қонуға тиіс болған, алайда  алдын ала болжам бойынша,  әуежайға жетпей, саяжайлар ауданына жақын маңға құлаған (әуежайдан 5-15 шақырым қашықтықта).

Оқиға орнында  төрт өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр, ұшақтың құлау себебіне қатысты әзірше ақпарат жоқ, деп хабарлады дүйсенбі күні Қырғызстанның ТЖМ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу