Қырғызстандық милиция Бішкектегі "Айчурек" ойын-сауық орталығы қоршап алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орнынан сауда орталығына келгендер мен қызметкерлер эвакуацияланды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ойын-сауық орталығында бомба қойылып, адамдар кепілге алынды деген ақпарат жарияланған еді.
Құқық қорғау органдарындағы Sputnik дереккөздерінің хабарлауынша, полиция сауда орталығындағы бірнеше әйелден күдіктеніп отыр.
Қазір жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу