Бішкектегі ереуілшілер ІІМ ғимаратын басып алмақшы

641

Олар бұған дейінгі митинг кезінде қамауға алынғандарды босатуды талап етіп отыр.  

Бішкектегі ереуілшілер ІІМ ғимаратын басып алмақшы

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының орталығында ереуілшілер Ішкі істер министрлігінің ғимаратына баса-көктеп кірмекші. Бұл туралы Ria.ru басылымы хабарлады.

24.kg басылымының дерегінше, қазір осы ведомство мен Ұлттық қауіпсіздіктің Мемлекеттік комитеті ғимаратының алдында митингтер жүріп жатыр. Шеруге шыққандар бұған дейінгі митинг кезінде қамауға алынғандарды босатуды талап етіп отыр.

Бұған дейін ереуілшілер парламент пен президент әкімшілігі орналасқан Ақ үйді, Ұлттық қауіпсіздіктің Мемлекеттік комитеті ғимаратын, Бішкек мэриясының ғимаратын, үкімет ғимаратын басып алды.

Еске сала кетейік, 5 қазанда Бішкектің Ала-Тоо деп аталатын орталығында парламентке өтпей қалған партиялардың 2 мыңға жуық жақтасы бас көтерген еді. Сол партиялардың бірі – "Қырғызстанның социал-демократтары" деп аталатын партиясын бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сейітбек Атамбаев басқарады. Ереуілшілер парламенттік сайлауды қайтадан өткізуді талап еткен. Құқық қорғаушылар мен ереуілшілер арасында болған қақтығыста 590 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты.

Атамбаевпен қатар Жанторо Сатыбалдиев, Сапар Исақов, Садыр Жапаров, Равшан Джеенбековты да бостандыққа шығарылды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу