Бішкектегі күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі кейінге шегерілді

943

Күрес түрлерінен Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі тағы да кейінге қалды.  

Бішкектегі күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі кейінге шегерілді

Бұл жолы аймақтық лицензиялық жарысты өткізуден Қырғызстан билігі бас тартты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айта кетелік, Қытайда өтуі тиіс турнир коронавирустың өршуіне байланысты Қырғызстанға ауыстырылған болатын. Алайда, 27-29 наурыз аралығына жоспарланған құрлықтық доданы өткізуден Бішкек те бас тартып отыр. 

Қырғызстанның жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирустің қаупі жоғарылауына байланысты жарыс кейінге қалды. 

Айта кетелік, бұған дейін таеквондодан Олимпиадаға іріктеу бәсекесі Қытайдан Иорданияға ауыстырылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, наурызда Оңтүстік Кореяда өтуі тиіс шорт-тректен әлем чемпионаты да белгісіз мерзімге шегеріліп отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу