"Біссіміллә, қатарларыңызға қосыла кетейін". Саясат Нұрбек депутат ретінде ант берді

2351

Бүгін Саясат Нұрбек Парламент мәжілісінің депутаты ретінде тіркеліп, ант берді. 

"Біссіміллә, қатарларыңызға қосыла кетейін". Саясат Нұрбек депутат ретінде ант берді

"Құрметті ел ағалары, сіздермен бірігіп халқымызға қызмет ету – маған үлкен абырой, жауапкершілік. Біссіміллә деп антымды беріп, қатарларыңызға қосыла кетейін", деді Саясат Нұрбек.

Ол әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамында қызмет етеді. 

Саясат Нұрбек 1981 жылы 18 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультетін бітірген. Сингапурда мемлекеттік қызмет колледжінде, АҚШ-тың Индиана штатында Нотр Дэйм университетінде оқыды, Римде La Sapienza университетінде халықаралық қауіпсіздік және геосаясат магистрі дәрежесін алды, Римдегі ICU институтында 2 жылдық тағылымдамадан өтті.

2000-2002 жылдары конгресмен Марк Смиттің сайлауалды науқанында жеке көмекшісі, Айова штаты үкіметінің ақпараттық технологиялар департаментінде инновациялық технологиялар қызметкері болды.

2002-2006 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Мемлекет пен құқық теориясы және тарихы" кафедрасында оқытушы, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры және Астанадағы "Art-Motion" ЖШС-да промоушн және дизайн агенттігінің директоры.

2006-2008 жылдары Туриндегі қысқы Олимпиадалық ойындарда TOROS-та ұйымдастыру комитетінің аудармашысы, "Қазына" Орнықты даму қоры" АҚ инвестициялық жобалар департаментінің менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің кадр жұмыстары және мемлекеттік бақылау бөлімінің кадр саясаты секторының меңгерушісі.

2008-2009 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару институтының менеджмент кафедрасының доценті, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ кадр саясаты және персоналды басқару департаментінің атқарушы директоры.

2010-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті болды.

2013 жылдан бастап "Нұр Отан" қоғамдық саяси институтының директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу