Ал Биткоин бағасы бүгін рекорд орнатып, 10 мың доллардан асып кетті. 2018 жылдың аяғына қарай оның құны 40 мың долларға қымбаттайды деген болжам бар. Яғни, криптовалюта бағасы 18 айдың ішінде 4 есе өсуі мүмкін. Бұл туралы "Фортрес" инвестициялық компаниясының бұрынғы менеджері Майкл Новограц мәлімдеді. Қазір бір биткион 10200 долларға бағалануда.
Жалпы, нарықтағы барлық цифрлық валюталардың қоры 300 миллиард доллардан асады. Новограцтың айтуынша, капитализация көлемі келесі жылдың соңында 2 триллион долларға артпақ. Десе де, кейбір сарапшылар биткионға сақтықпен қарауға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу