Bitcoin бағасы 11 пайыз төмендеді

766

Әйгілі криптовалюта Bitcoin 11% -ға арзандап, бағасы 10 мың доллардан түсіп кетті.

Bitcoin бағасы 11 пайыз төмендеді

Сандық валюта Facebook-тің Libra деп аталатын валютасына қатысты отырыстан кейін осылай құлдырады. Қазір АҚШ-та осыған қатысты қызу талқылау жүріп жатыр.

CNN дерегіне сүйенсек, bitcoin қазір 9590 доллар тұрады. Сарапшылардың айтуынша, криптовалюта құнының екі апта ішінде 10 мың доллардан төмендеуі бірінші рет тіркеліп отыр. 

Басқа криптовалютардың да жағдайы онша емес. Мысалы, Ether 12%-ға төмен түсті. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Facebook Libra деп аталатын жаңа валютаны жарыққа шығаратынын жариялаған болатын. Компания басшылығының көздегені – осы валюта арқылы халықаралық төлемдерді жеңілдету. Жаңа төлем жүйесінің жұмысын 27 компания біріккен Libra Associations консорциумы қадағалайды деп жоспарланып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу