Bitcoin бағасы көтеріліп кетті

826

Цифрлық валютаның құны 11,882  долларға жеткен. 

Bitcoin бағасы көтеріліп кетті

Қытай валютасының күрт әлсіреуі Bitcoin бағасының көтерілуіне әкеліп соқты. Бірқатар сарапшы осындай пікірде.

Соңғы дерек бойынша, цифрлық валютаның құны 11,882  долларға жеткен. Ол бір күн ішінде 8 пайызға өсіп отыр. 

Ал Қытай юані 7 пайызға құлдырап, соңғы 11 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен. АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңнің валютаны әлсірету әрекетін сынға алды. Оның ойынша, алдағы уақытта бұл қадам Қытай экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. 

Енді Қытай америкалық тауарларды қымбат бағамен сатып алатын болады. Өйткені юаньнің төменгі бағамы АҚШ экспортерларының жұмысын тежеуі ықтимал. 

CNBC телеарнасының дерегінше, қытайлық инвесторлар Bitcoin-ді бағаны сақтау құралы ретінде пайдаланады. 

Euro Pacific Capital брокерлік компаниясы басшысы: "Алтын – бұл әлдеқайда үлкен нарық, бірақ CNBC эфир уақытын биткоинге көбірек бөледі. Қытайлықтар өз ақшаларын үнемдеу үшін Bitcoin-ді қолданбайды. Алыпсатарлар қытайлықтар не сатып алатынына қарап, сауда жасайды", – деді.

Бұған дейін ол Bitcoin-нің 20000 долларға ешқашан қайта көтерілмейтінін айтқан болатын. Экономистің пікірінше, криптовалюта жоғары құбылмалылыққа байланысты төлем құралы ретінде пайдалануға жарамайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу