Bitcoin бағасы қымбаттап келеді

Оның қазіргі құны 31 мың доллардан асты. 

Bitcoin бағасы қымбаттап келеді Фото: Cryptonews

Bitcoin бағасы қымбаттап, 31 мың доллардан асты. Бұл 2022 жылдың маусымынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш саналады, деп жазады inbusiness.kz.

Жалпы, әлемнің басты цифрлық валютасының құны соңғы 10  күн ішінде шарықтап барады. Ал жыл басынан бері 90%-ға қымбаттаған. Дегенмен бір кездері 69 мың долларға дейін жеткен тарихи максимумынан әлі екі еседен аса төмен. Биткоинмен бірге басқа криптовалюталар да құны артуда.

Сарапшылар оған түрлі себеп айтады. Соның бірі, әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі АҚШ-тың биткоин саудалайтын биржалық қорына қомақты өтініш берген. 

Мұның басқа қыры да бар. Сала соңғы жылдары одан да көп проблемаларға тап болды: көптеген жаһандық реттеушілер, соның ішінде АҚШ SEC бірқатар кредиторларды қоса алғанда, бір кездері әйгілі компаниялардың көптеген алаяқтық фактілеріне назар аудара бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу