Бітімгерлерге БҰҰ Халықаралық курсының сертификаттары табыс етілді

587

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік дайындық орталығында "БҰҰ-ның Азаматтық тұрғындарды қорғау – United Nations Protection of Civilians Course" (UNPOCC) халықаралық сертификатталған курсы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бітімгерлерге БҰҰ Халықаралық курсының сертификаттары табыс етілді

Бангладеш, Бразилия, Қазақстан, Мавритания, Мозамбик, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Финляндиядан келген жиырма әскери қызметшіге оқуды аяқтағаны жөнінде сертификаттар берілді.

Екі апта бойы қазақстандық нұсқаушылар тыңдаушыларды бітімгерлік операцияларды жүргізудегі Біріккен Ұлттар Ұйымының азаматтық тұрғындары қорғау жөніндегі негізгі қағидаттармен, құндылықтармен және құзыреттермен таныстырды. Гендерлік аспектілерді, адамның мінез-құлқы мен қауіпсіздік кодексін, соның ішінде COVID-19 жөнінде хабардар болуды арттыру процедураларын зерттеуге ерекше назар аударылды.

Курс кезінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Бюросының, қарулы күштермен жұмыс жөніндегі Халықаралық Қызыл Крест комитетінің, ШЫҰ және ҰҚШҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының өкілдері де дәрістер өткізді.

Мавританиядан келген тыңдаушы полковник Зейн Суидат оқытуды сапалы ұйымдастырғаны үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді. Ол бітімгершілік дайындық орталығындағы оқытушылардың кәсіби шеберлігін тілге тиек етіп, жинақтаған білім бітімгерлік операциялар барысында және күнделікті қызметтегі міндеттерді орындауда пайдалы екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу