Биткоин 10%-ға арзандады

645

Сауда сессиясы барысында биткоин 10,12% -ға арзандап, 53,417 мың доллар болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы CoinDesk сайтына сілтеме жасап. 

Биткоин 10%-ға арзандады

Криптовалюта бағасы бірнеше күн қатарынан өскеннен соң, осындай динамика көрсетіп отыр. 13 наурыздағы сауда сессиясында криптовалюта құны рекордтық деңгейге жеткен еді, 60 мың доллардан асқан болатын. 

Биткоин – орталықсыздандырылған виртуалды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды виртуалды "криптовалюта" деп те атайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады. Бұл валютаны жүйенің мүшесі болып табылатын әр пайдаланушы шығара алады. Ол үшін бар болғаны есептеу құрылғысының көмегімен жүйенің жаңа блоктарын жасау керек.
Жүйенің тұжырымдамасы 2008 жылдың қарашасында жарияланған еді. Бірақ биткоин соңғы жылдары ғана танымал бола бастады.

Табиғат Нұрболат

Фото: delo.ua

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу