Биткоин 10%-ға қымбаттады

730

Tesla компаниясы көліктерін криптовалютаға сата бастауы мүмкін.

Биткоин 10%-ға қымбаттады

14 маусымда биткоин бағасы 10,05%-ға көтеріліп, қазір шамамен 39 мың долларға саудаланып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Электрокар шығаратын америкалық Tesla корпорациясы криптовалюта  экологиялық тұрғыдан таза болған жағдайда ғана көліктерін биткоинға сата бастайды. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісінде компания басшысы Илон Маск мәлім етті.

Биткоин – орталықсыздандырылған виртуалды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды виртуалды "криптовалюта" деп те атайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады. Бұл валютаны жүйенің мүшесі болып табылатын әр пайдаланушы шығара алады. Ол үшін бар болғаны есептеу құрылғысының көмегімен жүйенің жаңа блоктарын жасау керек.
Жүйенің тұжырымдамасы 2008 жылдың қарашасында жарияланған еді. Бірақ биткоин соңғы жылдары ғана танымал бола бастады.

Табиғат Нұрболат

Фото: habr.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу