Investing деректері бойынша биткоин бағамы 31 қаңтардан бері алғаш рет 105 мың доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өткен аптада токен 9%-дан астам өсіп, бейсенбіде 100 мың доллардың қалаулы деңгейінен өтіп, 2025 жылдың қаңтар айының соңынан бергі ең жоғары деңгейге жетті.
АҚШ президенті бұл келісім аясында Америка 10% кедендік баж салығынан 6 миллиард доллар сыртқы түсім, ірі ранчо иелері, фермерлер және өндірушілер үшін 5 миллиард долларлық жаңа экспорттық мүмкіндіктер алады, сондай-ақ алюминий мен болат саудасы жүйесін және фармацевтикалық өнімдердің сенімді жеткізу тізбегін құру арқылы АҚШ пен Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздігін нығайтады деп атап өтті.