Биткоин бағамы 5000 долларға жетті

598

Биткоин бағамы 5000 долларға жетті

Сенбі күнгі саудада криптовалютаның бағамы 5000 доллар болды. Бұл туралы Coindesk электронды криптовалюталық биржаның сайтына сілтеме жасап РБК хабарлап отыр.

Coindesk-тің айтуынша, осы аптада  биткоинның бағамы  4700-4800 доллар аралығында болған. Тек бір рет қана 4221 долларға дейін төмендеген.

Тамыз айының ортасында биткоинның құны алғаш рет шарықтап, 4000 доллардан асып жығылған еді, ол кезде  криптовалютаның капиталдандыру  66,9 млрд долларды құрады.  Ал өз алдына бөлінген Bitcoin cash болса, керісінше 3%-ға әлсіреп, бағамы 311,11 доллар болды.

Биткоин тамыздың басында классикалық биткоин және bitcoin cash болып бөлінді. Оған себеп  майнерлердің бірқатары мен криптовалюта иелері биткоинның протоколын SegWit2x-ке алмастыруы еді. Протоколды алмастыру  транзакциялардың жылдамдығын арттырып,  операциялар үшін  комиссия көлемін азайтуға тиіс болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу