Coindesk дерегіне сүйенсек, криптовалютаның бағасы дүйсенбіде $6589,49 болды. Соңғы айда оның құны 24%-ға арзандап отыр.
Осы жылдың шілде айында биткоин бағамы 13000 долларға таяған еді.
MarketWatch басылымының хабарлауынша, виртуалды валютаның былай құлдырауына Қытайдың Халықтық банкінің криптовалюта саудасын бақылауды қатаңдату туралы мәлімдесі әсер еткен.
"Инвесторлар бұл мәселеге келгенде өте мұқият болуы тиіс, олар блокчейн технологиясын биткоинмен шатастырмау керек", - делінген қытайлық қаржы реттеушісінің мәлімдемесінде.
Соңғы мәліметке сүйенсек, осы айда Ethereum 7,2%-ға, ал Ripple 8,4%-ға арзандаған.
Ал жыл басынан бері биткоин құны 85%-ға қымбаттаса, Ethereum 8%-ға, ал Ripple-дің бағасы 37%-ға кеміген.
Табиғат Нұрболат