Биткоин бағамы екі аптадан бері алғаш рет 21 000 доллардан жоғары көтерілді

603

Тәуекелді активтерге сұраныстың қалпына келуі аясында биткоин тамыз айының соңынан бері алғаш рет жұмадағы сауда кезінде шамамен 10%-ға өсіп, 21 000 долларды құрады, деп inbusiness.kz MarketWatch-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биткоин бағамы екі аптадан бері алғаш рет 21 000 доллардан жоғары көтерілді

Жұма күні Мәскеу уақытымен 19:46-дағы биткоин бағамы 9,6%-ға өсіп, 21,218 мың долларды құрады.

АҚШ-та тамыз айындағы инфляция туралы мәліметтер жарияланар алдында инфляциялық күтулердің төмендеуінен туындаған трейдерлердің оптимизмі арқасында криптовалюталар жаһандық қорлармен бірге өсуде, деп жазады MarketWatch.

Fairlead Strategies негізін қалаушы Кэти Стоктонның айтуынша, техникалық талдау тұрғысынан биткоинді ұзақ мерзімді қолдау деңгейі өзгерген жоқ және 19 500 мың доллар шамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу