Биткоин бағасы 3%-ға төмендеді

427

Оған АҚШ-та Binance-ке қарсы қойылған талап-арыз себеп.  

Биткоин бағасы 3%-ға төмендеді Фото: pixabay.com

Биткоин бүгінде 27 мың доллар тұрады, деп жазады inbusiness.kz Прайм порталына сілтеме жасап.

АҚШ-тың қаржы билігі әлемдегі ең ірі Binance криптобиржасына, бірқатар криптобизнесмендерге қарсы талап-арыз қойғаннан кейін биткоин құны айтарлықтай төмендеді.

Binance-та биткоин Мәскеу уақытымен сағат 12.12-дегі жағдай бойынша 3%-ға – 27 мың долларға дейін арзандады.

Дүйсенбі күні АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) Binance пен оның басшылығын тауар құралдарының саудасын реттейтін америкалық заңнаманы бұзды деп айыптап, талап-арыз берді.  Биржа басшысы Чанпэн Чжао мен оның бағыттарының бірінің бұрынғы басшысы Сэмюэл Лим компанияны АҚШ заңнамасына сәйкес тіркеу және елдегі клиенттермен жұмыс істеу кезінде америкалық реттеу талаптарын орындау қажеттілігін білгенімен, бұл талаптарды елемеген.

Бұдан бөлек наурыз айының басында SEC Tron негізін қалаушы қытайлық криптокәсіпкер Джастин Санды және оның үш компаниясын (Tron Foundation, Bittorrent Foundation және Rainberry) криптовалюта түріндегі бағалы қағаздарды тіркемей сатқаны үшін сотқа берді. Tron – блокчейнге негізделген және TRX таңбалауышын пайдаланатын орталықтандырылмаған платформа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу