Биткоин бағасы 39 мың доллардан асты

279

Бұл - 2022 жылдың мамыр айынан бергі рекордтық көрсеткіш.  

Биткоин бағасы 39 мың доллардан асты Фото: Inbusiness/Midjourney

Сауда сессиясы барысында биткоиннің бағасы 2022 жылдың 4 мамырынан бері алғаш рет 39 мың доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Биткоин – блокчейн технологиясы негізіндегі криптовалютаның орталықсыздандырылған жүйесі. Оны жүйенің мүшесі болып табылатын әр пайдаланушы шығара алады. Ол үшін бар болғаны есептеу құрылғысының көмегімен жүйенің жаңа блоктарын жасау керек.

Жүйенің тұжырымдамасы 2008 жылдың қарашасында жарияланған еді. Бірақ биткоин соңғы жылдары ғана танымал бола бастады. Бұл криптовалютаның шығарылымы шектеулі, қазір олардың басым бөлігі өндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу