Сауда қорытындысы бойынша биткоин бағасы 8,5%-ға өсіп, 40 мың доллардан асты. Бұл криптовалюта нарығындағы рекордтық көрсеткіш.
Биткоин – орталықсыздандырылған виртуалды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды виртуалды "криптовалюта" деп те атайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады. Бұл валютаны жүйенің мүшесі болып табылатын әр пайдаланушы шығара алады. Ол үшін бар болғаны есептеу құрылғысының көмегімен жүйенің жаңа блоктарын жасау керек.
Жүйенің тұжырымдамасы 2008 жылдың қарашасында жарияланған еді. Бірақ биткоин соңғы жылдары ғана танымал бола бастады.
Табиғат Нұрболат