Сауда қорытындысы бойынша биткоин бағасы 1,56%-ға өсіп, 47,174 мың доллар болды. Бұл туралы CoinDesk басылымы хабарлады.
Бұған дейін 47,550 мың долларға дейін көтерілген еді.
Осылайша криптовалюта бірнеше сағат ішінде рекордтық көрсеткішке жетті.
Мұндай динамикаға Tesla компаниясының биткоин криптовалютасына 1,5 млрд доллар көлемінде инвестиция құюы себеп болды. Корпорация өкілдерінің айтуынша, жақын арада өнімдерді сату барысында биткоинді қабылдай бастайды.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу