Биткоин бағасы 5,5%-ға көтерілді

722

Соңғы 10 күн ішінде 10%-ға арзандады.

Биткоин бағасы 5,5%-ға көтерілді

5 шілдеде биткоин бағасы 5,5%-ға өсті. Қазір криптовалюта 20,2 мың долларға саудалануда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Binance биржасында биткоин 5,6%-ға қымбаттап, 20,21 мың долларға дейін жетті.

CoinMarketCap мәліметі бойынша, криптовалютаның бағасы 5,7%-ға көтеріліп, 20,21 мың доллар болды. Бұл – бір тәуіліктегі динамика.

Маусым аяғы мен шілденің басында биткоин біраз арзандаған еді. Енді қазір біртіндеп қымбаттауда. Соңғы 10 күн ішінде оның бағасы 10%-ға түсті.

Маусымда биткоин құны 37%-ға құлдырады. Өткен айдың басында ол 32 мың долларға саудаланған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу