Сауда қорытындысы бойынша биткоин құны 5%-ға арзандап, 17,8 мың доллар болды. Бұл туралы CoinDesk басылымы хабарлады.
Криптовалютаның ең қымбат бағасы 2017 жылы тіркелген еді. Сол уақытта ол 19 666 долларға саудаланған болатын. Жалпы, соңғы уақытта биткоинмен қатар басқа да криптовалюталардың бағасы өсіп жатыр. Бірақ кей сарапшылардың болжамынша, нарықтағы құбылмалылық деңгейі жоғары болғандықтан бағалар қаншалықты шарықтаса, соншалықты құлдырауы мүмкін.
Биткоин – орталықсыздандырылған виртуалды валюта. Транзакциясы шифрленетін және қолдану аясы анонимді түрде болғандықтан биткоинды виртуалды "криптовалюта" деп те атайды. Жүйенің қызметі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады.
Табиғат Нұрболат
Фото: bitnovosti.com