Әлемдегі ең танымал криптовалюта тарихи рекордтық көрсеткіштен кейін бірден $2 мыңға құлдырап кетті, деп хабарлайды РБК.
Биткоин бағасы 29 қарашада 11,377 долларға дейін қымбаттап, тарихында болмаған көрсеткішке көтеріліп еді. Алайда кешкі сағат 19:40-қа қарай бірден 2 мың долларға төмендеп, 9,290 мың долларға дейін құлдырап кетті. Дегенмен түнгі 01:30 кезінде қайта құбылып, 10 мың доллардан жоғары саудаланған.
Coindesk биржасының мәліметі бойынша, биткоин бағасы жыл басынан бері 10 рет өскен. Бұл аптада оның бағасы екі секіріп, 11 мың долларға шарықтау шегіне жетті. Дегенмен кей сарапшылар бұл виртуалды валютаның соңғы серпілісі емес, 2018 жылғы қарай 40 мың долларға жетуі ғажап емес деген пікірде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу